Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Екі күннің ішінде 4,6 мыңнан астам өзбек-қырғыз азаматтары шекарадан өткізілді

2020 жылдың 5 тамыз 2020 13:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4-5 тамыз күндері Қазақстан аумағы арқылы Ресейден 4 600-ден астам Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары транзиттік дәліз арқылы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қырғыз бен өзбек тарапы 27 шілде мен 3 тамызда Ресей Федерациясынан өз азаматтарын шығару үшін транзиттік дәліз беру өтінішімен бізге ресми жүгінген болатын. Бұл мәселе оң шешімін тапты. 4-5 тамыз күндері Ресейден Қазақстан аумағы арқылы 2 435 Қырғызстан азаматы мінген 40-тан астам автобус өтті. 2,2 мың Өзбекстан азаматының транзиті өзбек тарапы ұсынған темір жол көлігімен жүзеге асырылды», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 1 101 қырғыз мінген 20 автобус 4 тамыз күні кешкісін Қазақстан-Ресей шекарасынан өткен. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстанға кетіп бара жатыр. Ал 1 356 қырғыз мінген 23 автобус Қазақстан-Ресей шекарасынан бүгін өтті және Қырғызстанға қарай бет алды.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қырғызстан, Ресей, ҚР СІМ,
Жоғары қарай