Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 04:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 25 қаңтар күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай түнде Қарағанды және тәулік бойы Қызылорда қаласында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай