Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 05:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы 24 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, 24 мамырда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы екі қалада – Алматы мен Шымкентте күтіледі.

Ал Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында метеоахуал қалыпты болады

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай