Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екі айда коронавируспен сырқаттану көлемі 3,8 есе азайды

2021 жылдың 19 қазан 2021 09:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі бір айда еліміздегі коронавируспен аурудың тәуліктік көрсеткіші 2,4 есе азайған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану көрсеткіші 3,8 есе, ал өлім-жітім 3,6 есе төмендеді.

Бүгінгі таңда жасыл аймақта 6 өңір бар. Олар: Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе облыстары және Шымкент қаласы.

Жалпы Қазақстан Республикасы және 5 өңір сары аймақта. Қызыл аймақта 6 өңір (Нұрсұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалып отыр», - деген министр кейінгі бір айда тәуліктік сырқаттану көлемі 2,1 есе азайғанын атады.

«Ауыр және өте ауыр жағдайлардың саны 1,6 есе азайды. Сондай-ақ, стационарлық емделудегі науқастар санының 1,4 есе (18 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 азаюы, амбулаториялық емделудегі науқастар саны 1,3 есе төмендегені байқалып отыр», - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.


Жоғары қарай