Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Egemen Qazaqstan газетіне бас редактор тағайындалды

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 17:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Egemen Qazaqstan» газетіне бас редактор тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылдан, яғни V курстан бастап «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газетінде жұмыс істеп бастаған. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағында тілші, аға тілші, шолушы, бөлім меңгерушісі, одан әрі бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Бұған дейін «Нұр Астана» республикалық жастар апталығының бас редакторы қызметінде болған. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ғабит Мүсірептің «Рухыңды түсірме, ұлым» (2010 жыл) атты публицистикалық шығармалар жинағы жарық көрген.

Айта кетейік, бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор қызметін атқарып келген Айбын Шағалақ «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Басты сөздер: Тағайындау, БАҚ,
Жоғары қарай