Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Атыраудағы айтыстың бас жүлдесін иеленді

2020 жылдың 23 қараша 2020 00:37

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған «Қайран елім қазағым..» атты республикалық ақындар айтысының бас жүлдесіне «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, айтыскер ақын Рауан Қайдар ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық ақындар айтысына еліміздің әр өңірінен 24 ақын қатысты. Айтысты Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады.

Өрелі сөзбен кесте түйген ақындар Абайдың даналығы мен ұлағатының тәрбиелік мәніне тоқталды. Қазіргі қоғамның даму үдерісін, қордаланған мәселелерді ортаға салды. Жеңге мен қайны арасындағы әдемі әзілдің айтысын жасады.




Қазылар алқасы ақындардың көркем ойын, сөз саптауын саралап, бас жүлдені 24 айтыскер ақынның арасынан оза шапқан «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Рауан Қайдарға берді. Бас жүлдені облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тапсырды.





Бірінші орынды Еркебұлан Қайназар, екінші орынды Рүстем Қайыртайұлы мен Шалқарбай Ізбасаров иеленді. Үшінші жүлдемен Әсем Ережеқызы мен Алтынгүл Қасымбекова, Нұрмат Мансұров марапатталды.

Ал, Серік Қойшығұлов пен Жәнібек Садыров, Сырымбек Сәрсенбаев арнайы жүлдеге ие болды.





Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Абайдың 175 жылдығына орай республикалық айтыс өтіп жатқанын хабарлаған едік.



Жоғары қарай