Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эфиопияда сепаратистер 150 бейбіт тұрғынды өлтірді

2021 жылдың 26 тамыз 2021 20:56

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Соңғы аптада Эфиопияның батысында «Оромоны азат ету әскері» сепаратистік тобының содырлары кем дегенде 150 адамды өлтірді. Бұл туралы бейсенбі күні Reuters агенттігі Эфиопияның адам құқығы жөніндегі комиссияға сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссияның айтуынша, сепаратистердің қарулы тобы Оромия штатының батысындағы Джида Кирему ауданының тұрғындарына шабуыл жасаған.

«Оромоны азат ету әскері» сепаратистік тобы әдетте өздігімен әрекет етеді. Олардың мақсаты – Эфиопияның Оромия штатын тәуелсіз ету. Федералдық билік «Оромоны азат ету әскерін» террористік ұйым деп жариялады.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай