Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

ЕАЭО соты тәуелсіз орган ретінде өз міндетін орындауы тиіс- ҚР Президенті

2019 жылдың 1 қазан 2019 19:19

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО сотының шешімін экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орындамай жататын кездері болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақтың соты толығымен өзінің міндетін, тәуелсіз орган ретінде жүктелген тапсырманы орындауы тиіс. Қабылданған шешімдер әйтпесе, консультативті сипатқа ие болып барады. Тараптардың ЕАЭО сотының шешімін назарға ала бермейтін кездері де бар. Қолданыстағы тәжірибеге талдау жасай отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстарының бірінде ЕАЭО сотының рөлін арттыру бойынша ұсыныстар ортаға салынуы тиіс», - деді Президент.

Айта кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

Армения астанасында Жоғары экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Арменияның Премьер-министрі Николай Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Жоғары қарай