Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО нарығындағы кедергілердің 80 пайызын жойдық

2021 жылдың 24 қараша 2021 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы саудаға кедергілердің 80 пайызы жойылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық интеграцияны дамыту аясында 2025 жылға дейінгі ЕАЭО стратегиясын жүзеге асыру іс-шараларының жоспары бекітіліп, өзара іс-қимылдың негізгі векторлары айқындалды. Кооперация, халықаралық ынтымақтастық және кедергілерді жою мәселелері басымдыққа ие. Қазақстандық тараптың бастамасымен тауарлардың әзіренуін дәлелдейтін сертифкаттың жаңа түрі - тез бұзылатын өнімдерге арналған «сериялық өнімдер сертификаты» енгізілді. Ол тауарларымыздың ЕАЭО нарығына шығуын жеңілдетеді әрі экспорттаушылардың қаржылық шығындарын төмендетеді. Қазіргі уақытта аталған сертификат берілетін тауарлар тізілімін кеңейту үшін келіссөз жүргізіп жатырмыз», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Ол Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығында кедергісіз орта үшін жағдай жасап жүргізіліп жатқанын айтты.

«2016 жылдан осы уақытқа дейін кедергілердің 80 пайызы жойылды. Оның ішінде биыл 2,7 млн долларға 3 кедергі алынып тасталды. Бұған қоса, серіктестерімізбен осы жылдың соңына дейін 1,8 млрд долларға тағы 3 кедергіні алып тастауға уағдаластық. Біз әзірлеген кедергілерді мойындау әдістеме бекітілді. Ендігі уақытта бүкіл процесс 70 күнді құрайды. Ескі әдістемеге сәйкес бұл процесс 2 жылға дейін созылатын. Кедергілерді жою жөніндегі ұлттық жол картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінде біз 600 млн доллардан астамға 8 кедергіні жоя алдық. Олар мемлекеттік сатып алу, салық салу, еңбек миграциясы, су көлігі және тауарлардың жекелеген түрлерін сатуға қатысты», - деді Бақыт Сұлтанов.


Жоғары қарай