Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ЕАЭО-ға мүше елдер құрылыс саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығын қамтамасыз етпейді

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 15:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы 2021-2022 жылдары жойылатын босатулар мен шектеулер тізімін талқылайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина онлайн-брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі Тимур Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақтағы құрылыс қызметтерінің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті іс-шаралар жоспарымен таныстырады. 2014 жылы Одақ аясында Бірыңғай нарықтың қызмет көрсету салаларының тізбесі бекітілген болатын. Бұл тізімде инженерлік іздестіру, сәулет-құрылыстық жобалау, күрделі құрылыс нысандарын салу, қайта құру, жөндеу саласындағы қызметтер бар. Комиссия өкілеттілігіне сәйкес, Одақ заңнамасының орындалуын бақылау кезінде мүше мемлекеттер құрылыс индустриясында қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етпейтіндігі анықталды», - дейді Ия Малкина.

Атап айтқанда, басқа мүше мемлекеттердің заңды тұлғалары ұлттық заңнамада қосымша талаптар орнату арқылы қызметтерді жеткізу және алу құқығымен шектелді. Комиссияның пікірінше, дайындалған іс-шаралар жоспары осы мәселені шешуге және құрылыс саласындағы қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай