Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ЕАЭО елдерінде балалар алаңы жабдықтарына қойылатын талаптар бірдей болмақ

2020 жылдың 3 маусым 2020 07:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЕАЭО елдері үшін балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтарға қойылатын талаптар бірдей болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның 2017 жылғы мамырда қабылдап, 2018 жылдың қарашасында күшіне енген «Балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне сәйкес үш жылдық өтпелі кезең аяқталды. Ол Одақтың кедендік аумағында айналымға алғаш рет шығарылатын және ашық аумақтарда немесе жабық үй-жайларда орналасқан балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтарға қолданылады», - деп хабарлады ЕЭК.

Техникалық регламенттерде белгіленген жаңа стандарттарға өндірушілер мен сатушылардың жүйелі түрде өтуі үшін Комиссия өтпелі кезеңді белгіледі. Ол аяқталғаннан кейін балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары ЕАЭО-ның барлық мемлекеті үшін ортақ және міндетті болмақ.


Жоғары қарай