Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биыл іске қосылады

2020 жылдың 7 ақпан 2020 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесін дайындау жұмысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Президент әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына сілтеме жасап.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда маңызды құрал ретінде айқындалған жобаны Бас прокуратура Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімімен бірге әзірледі» делінген хабарламада.

Өтініштерге қатысты процестерді цифрландыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе:

- мемлекеттік органдардың құзыретіне қарай өтініштерді автоматты түрде бөлуге;

- мемлекеттік органдар арасында сауалдар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқартуға;

- өтініштерді қарауда барлық саты мен мерзім бойынша өтініш берушіні ақпараттандыруға;

- мемлекеттік органдарға түскен өтініштердің бәрінің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашады.

Мемлекеттік органдардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмыс жауапсыз қалдыру ісінің алдын алып, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қояды.

Қазіргі уақытта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің апробациясына дайындық жүргізілуде. Биыл оны барлық мемлекеттік органның жұмысына енгізу жоспарланған.


Жоғары қарай