Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дзюдо: Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қоламен аяқтады

2021 жылдың 10 қазан 2021 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында аралас-командалық сын бойынша жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан жастар құрамасы алғашқы белдесуін Италияға қарсы өткізді. Екеуара команда арасындағы кездесу 4:1 есебімен қарсылас команданың еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, ел құрамасының сапынан тек 73 келіде татамиге шыққан Данияр Шамшаев қана қарсыласынан басым түсті. Қалған жас дзюдошылар жеңіліс тапты.

Сонымен, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын бір қола жүлдемен аяқтады. Оны 60 келіде белдескен Шерзод Давлатов олжалаған болатын.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай