Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Джонсонның кеңесшісі карантин режимін бұзды деп айыпталып отыр

2020 жылдың 24 мамыр 2020 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның лейбористер партиясы Борис Джонсонның кеңесшісі Доминик Каммингске қарсы тергеу амалдарын жүргізуді талап етіп отыр. Ол карантин режимі кезінде ата-анасы тұратын қалаға барып қайтқаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

Лейбористер өкілі Рейчел Ривз осындай айыптау хатты 23 мамыр күні министрлер кабинетінің хатшысы Марк Седвилдің атына жолдады.

Ұлыбритания тұрғындары өздеріне қиын тисе де жасы егделеп кеткен ата-аналарына бармай шектеу шараларына мойынсұнған, деп жазады Ривз. Оның айтуынша, елдегі үкімет лауазымды саясаткерлердің де тұрғындарға ортақ карантин ережесін бұлжытпай сақтап жүргеніне сендіруі қажет.

Бұған дейін бірқатар газеттер Камминсті карантин режимін бұзды айып таққан. Олардың мәліметінше, ол аса бір қажетті болмаса үйден шықпау жөніндегі тыйымды елемей, Лондоннан 400 шақырым жерде орналасқан Дарем қаласына барған. Даремде оның егде ата-анасы тұрады.

Кейін оның зайыбы коронавирус жұқтырғаны анықталып, өзінен де ауру белгісі табылған. Сапар кезінде Каммингс оқшаулану режимін сақтауы тиіс еді. Джонсонның кеңсесі оның әрекетін дұрыс деп тапты. Кеңесші кішкентай баласының күтімін қамтамасыз ету осылай жасау қажет еді, деп отыр.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай