Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 1 наурыз 2021 01:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 1 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, елдің шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында және батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, желдің күшейюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшейюі 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с күтіледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай