Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 00:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фронталдық бөліктердің ықпалымен елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар, батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Қазақстан аумағының қалған бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батыста көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасымен күтіледі. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасымен болуы ықтимал.

Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай