Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүйсенбі күнге ауа райы болжамы

2021 жылдың 29 қараша 2021 04:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қарашада республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады. Сонымен қатар барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.

Еске салайық, синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялаған болатын.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай