Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүниежүзілік сауда ұйымын алғаш рет әйел адам басқарады

2021 жылдың 16 ақпан 2021 07:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас кеңесі ұйымның басшысы қызметіне Нигерия өкілі Нгози Оконджо-Ивеаланың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Нигерияның бұрынғы қаржы министрі жаңа қызметіне 1 наурыздан бастап кіріседі.

Өзінің айтуынша, Оконджо-Ивеала ең алдымен әлемдік сауданың коронавирус пандемиясынан кейін қайта қалпына келуіне ерекше мән береді.

Жаңа төраға Дүниежүзілік сауда ұйымының қазіргі уақытта көптеген проблемамен бетпе-бет келіп отырғанын еске салды. Оның сөзіне сенсек, ұйымдасқан нәтижелі жұмыс бұл ұйымды әлдеқайда қуатты, бүгінгі күнге бейімделген белсенді етеді.

«Бұл жол өте ұзақ, ауыр және белгісіздікке толы болды. Бірақ жаңа күн туды, енді нағыз жұмысты бастауға болады. Бүгінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер тарихты өз қолымен жасап отыр - ұйым құрылған 73 жылдан бері алғаш рет әйел адам, Африка өкілі басшылыққа келді. Бұл - нағыз серпіліс. Мен жақсылыққа сенем» деді Нгози Оконджо-Ивеала.

Жаңа төрағаны Еурокомиссия басшысы Урсулуа фон дер Ляйен құттықтады. Ол өз құттықтауында бұл сәттің тарихи маңызын ерекше атап өткен.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, Еуроодақ Дүниежүзілік сауда ұйымының реформасын жақтайды және ережеге негізделген көпжақты сауда жүйесін қорғауға көмектеседі.

Айта кетейік, ұйым басшысының лауазымы өткен жылдың 31 тамызынан бері бос тұрған болатын. Соңғы төраға РобертуАзеведу сол күні басшылық уақыты аяқталмаса да, қызметінен кетті.


Жоғары қарай