Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп бағалады

2020 жылдың 11 наурыз 2020 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирустың өршуі пандемия деңгейіне жеткенін жариялады. Себебі вирус көптеген елде және құрлықтарда тарап үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме жасап.

«Бұған дейін коронавирус тудырған пандемиямен бетпе-бет келген емеспіз. Және бақылауда ұстауға болатын пандемиямен ешқашан күрескен емеспіз. [...] 114 елде тіркелген 118 мың жағдайдың 90 пайыздан астамы төрт мемлекетте анықталып отыр. Оның екеуінде – Қытай және Оңтүстік Кореяда сырқаттанғандар саны айтарлықтай азайды», - деп мәлімдеді ДДҰ.

ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Covid-19 таралуының жаңа классификациясы жаңа коронавируспен қалай күресу керектігі туралы ұсыныстарға өзгеріс енгізбейді.

«Жағдайды пандемия деп жариялау ДДҰ-ның аталмыш коронавирустан келетін қауіптің бағалауын еш өзгертпейді. Бұл, ДДҰ жасап жатқан шараларға және елдер жасауы тиіс шараларға әсер етпеуі тиіс», - делінген ұйымның ақпаратында.

Осы ретте, Тедрос Адханом Гебрейесус ел үкіметтерін «шұғыл әрі агрессивті шаралар» қабылдауға үндеді.

Ал ДДҰ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында келтірілген ұйым басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы күндері вирустың өршуі күтіліп отыр.

«Алдағы таяу күндері және таяу аптада COVID-19-ті жұқтыру фактілері, өлім жағдайлары және зардап шеккен елдер саны бұдан да артатынын болжап отырмыз. ДДҰ бұл індетке тәулік бойы бағалау жүргізуде және біз оның таралу жылдамдығына , ауырлығына, сондай-ақ шарасыз отырудың қуіпті деңгейіне алаңдаушылық білдіреміз. Сондықтан, COVID-19-да пандемия деп мипаттауға болады деген бағалау жасадық», - деді Т. Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының терминологиясына сәйкес, эпидемия – аурудың бір өңірде кенеттен тарауы. Ал пандемия – аурудың әлем бойынша белең алуы.

11 наурыздағы жағдай бойынша, коронавирусты 118 елде 118 140 адам жұқтырды, 4293 адам көз жұмды.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Коронавирус,
Жоғары қарай