Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Дүниежүзілік банктің қолдауымен ел аумағындағы 80 әлеуметтік нысан жаңғыртылды

2020 жылдың 16 қазан 2020 10:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Петропавл және Көкшетау қалаларында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ іске асырып жатқан «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының нысандары бойынша Дүниежүзілік банктің Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоның екі күндік сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысандардың бірі-олимпиадалық резервтің Солтүстік Қазақстан спорт-интернат-колледжі, онда бір кездері танымал қазақстандық спортшы Александр Винокуров оқыған. Жоба аясында ғимараттың шатыры мен қабырғалары жылытылды, жылу пункті автоматтандырылды, жарықтандыру балалардың тұруы мен оқуы үшін үнемді жүйемен ауыстырылды.

Көкшетау қаласындағы «Bilim-Innovation» лицей-интернатында, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернатында және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған №1 түзету мектебінде де ғимараттарды жаңғырту бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде жылу мен электр энергиясының шығындарын 10-12% үнемдеу байқалады.





Өз кезегінде Дүниежүзілік банктің Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто жекелеген мердігерлер мен әкімдіктің жұмыстарды қосымша қаржыландыру жөніндегі жеке бастамасын атап өтті. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғимараттар қазір энергия тиімділігінің барлық талаптарына жауап береді.

Сондай-ақ, сапар қорытындысы бойынша «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Серік Турчекенов «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы энергия шығындарын үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шаралардың қаржылық өміршеңдігін көрсететінін атап өтті. Дүниежүзілік банктің қолдауының арқасында әр түрлі аймақтардағы 80 әлеуметтік нысан жаңғыртудан сәтті өтті.





«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы екі компоненттен тұрады. Біріншіден бұл мемлекеттiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлердің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар.

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ мамандарының деректері бойынша, энергиялық тиімді деңгейіне өту мүмкіндігіне мектептер, балабақшалар мен ауруханалар ие болды. Мемлекеттік мекемелерді таңдау конкурстық негізде жүргізілді.





Жоғары қарай