Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ – прокуратура

2020 жылдың 26 ақпан 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Ағаділдің көз жұму жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Дәл сол күні барлық мән-жайды зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», - деп хабарлады елорда прокуратурасынан.

Атап өтілгендей, көз жұмған Д.Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша 26 ақпан күні өздері (отбасының) шақырған жеке сот сарапшыларының (А. Ақанбеков, Р.Сатыбалдиев) қатысуымен марқұмның денесіне зерттеу жүргізілген.

«Оның нәтижесі бойынша, жұмылдырылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қантамырының өткір жеткіліксіздігі себеп болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылықтан болатын қандай да бір жарақаттар анықталмады. Іске тартылған сарапшылар, сонымен қатар оның бауыры мен адвокаты тарапынан ескерту немесе өтініш берілген жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлайды ведомстводан.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Прокуратура,
Жоғары қарай