Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Дүкендердің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама таратқан Шымкент тұрғыны ұсталды

2020 жылдың 14 наурыз 2020 13:22

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында азық-түлік дүкендерінің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама тартқан тұрғын ұсталды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі бейнежазбада ол тіпті жергілікті тұрғындардың азық-түлікке байланысты таласып жатқандығын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жайт Арыс қаласында тіркелген. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақпараттың авторы мен бейнежазба таратушысының жеке басы анықталған. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

«Ер адамның Арыс қаласына қызмет барысында келгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша істің барлық мән-жайы анықталуда»,- делінген хабарламада.

Полиция бөлімшесіне жеткізілген соң, ұсталған азамат өз еркімен бейнежазба арқылы Қазақстан азаматтары мен Арыс қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.


Жоғары қарай