Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Дубай – Нұр-Сұлтан» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды

2021 жылдың 6 наурыз 2021 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 4 наурызында шетелден анықтамасыз келген 513 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша «Дубай – Нұр-Сұлтан» рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Коронавирус,
Жоғары қарай