Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Допты хоккей: «Ақжайық» қарсыласын ойсырата ұтты

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 20:55

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» стадионында өткен матч 10:3 есебімен аяқталды.

Бұл ойында «Ақжайық» құрамындағы ресейлік легионер Максим Пахомов алты голдың авторы атанып, биылғы маусымда соққан доп санын 41-ге жеткізді. Сондай-ақ айдын иелерінен тағы бір ресейлік Сергей Башаев пен Петр Грибанов қарсыластың қақпасына қос-қостан доп енгізді.

«Никельщиктен» Роман Лопатков, Дмитрий Сафуллин және Михаил Андреев бір-бір голдан соқты.

Командалар сенбі күні қайта айдынға шығады.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері екінші топта 31 ұпаймен бесінші орында келеді.

Батысқазақстандықтар алдағы жеті ойынын өз айдынында өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» ірі есеппен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай