Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Доллар арзандады

2021 жылдың 16 маусым 2021 11:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 маусым кешімен салыстырғанда 1,77 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 82 теңге болды.

Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 426, 92 теңге, сатып алу – 425, 42 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426, 75 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 425, 55 теңге.

Айта кетейік, мамыр айында мұнай бағасының қалыпты өсуі мен салық төлемдері кезеңінде теңге нығайды. Ол 0,1% -ға қымбаттап, бір доллар 428,71 теңгені құрады.
Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Экономика,
Жоғары қарай