Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Динара Сәдуақасова Grand Swiss супертурнирінде ойнайды

2019 жылдың 2 қазан 2019 18:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Англияның Мэн аралында өтетін FIDE Grand Swiss супертурниріне шақырту алды, деп хабарлайды sports.kz.

Турнирдің сыйлық қоры жарты миллион долларды құрайды, жеңімпаз ақшалай сыйлықтан бөлек әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне жолдама алады.

«Әлемдік шахмат тәжі – менің бұрыннан келе жатқан мақсатым, мен оған асықпай бара жатырмын. Бұдан бөлек, мұндай турнирге қатысу – абыройлы гроссмейстерлермен күшімді сынауға жақсы мүмкіндік», - дейді Динара.

Турнирге ғаламшарымыздың 105 мықты шахматшысы шақырылды. Олардың арасында қазіргі шахмат тәжінің иесі Магнус Карлсен де бар.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай