Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Димаштың туған күніне жанкүйерлері 3 мың ағаш отырғызды

2020 жылдың 21 мамыр 2020 17:11

НҰР-СҰЛТАН. КазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның туған күніне 3 мыңға жуық көшет отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әншінің фан-клубы Instagram желісінде мәлімдеді.

«Димаштың 26 жасына арнайы сыйлық. Dears (фан-клуб) Димаштың атынан Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл далаға 2780 түп ағаш отырғызылды. Бұл құм дауылын тоқтатуға, жел ықпалын азайтуға және қоршаған ортаны жақсартуға көмектеседі. Қоғамның жақсаруы барлық заманда маңызды. Біз Димаштың сүйіспеншілігі мен мейірімін үнемі есте сақтаймыз. Сондықтан осындай жүрек Жер шарын жақсартатынына үміттенеміз», - деп жазылған жанкүйерлер парақшасында.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.



Жоғары қарай