Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Димаштың Нью-Йорктегі концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 15:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаштың америкалық фанклубының ақпараты бойынша Нью Йорктағы «Арнау» концертіне 51 елдің азаматтары келмек екен», - деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев facebook парақшасында.

Айта кетсек, концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

«Arnau tour ENVOY» - маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көретін болады. Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.

Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билеттер бір жарым айда сатылып кеткен.

Жоғары қарай