Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Димаш Қытай арнасының жаңажылдық бағдарламасында ән шырқады

2022 жылдың 1 қаңтар 2022 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде өзінің жаңа жылды қарсы алған сәтін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа жылды Бейжіңде достармен бірге қарсы алдық, CCTV арнасының жаңажылдық бағдарламасында шырқаған әнімізді тамашаладық», - деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, CCTV-1 телеарнасының жаңажылдық бағдарламасында Димаш Құдайберген қытайлық тенор, Пласидо Домингоның шәкірті, Метрополитен Опера солисі Инси Чжанмен дуэт орындады. Олар «Thousands of miles, a common dream» әнін шырқаған.

«Жаңа жыл құтты болсын, достар! Барлықтарыңызға сәттілік, ең қымбат тілектеріңіздің орындалуын және әрқашан көңілдеріңіздің көтеріңкі болуын тілеймін! Алдағы 2022 жыл жақсы жаңалықтар жылы болғай! Жақын күндері мен Сіздермен алдағы жеке концертім туралы жаңалықтармен бөлісемін - назар сала жүріңіздер!», - деп құттықтады Д. Құдайберген.


Жоғары қарай