Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, мен, Отаным - Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында.

Еске сала кетсек , бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік.

Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.

Жоғары қарай