Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады

2021 жылдың 12 қазан 2021 14:05

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады. Бұл туралы ол Іnstagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді», - дейді әнші.



Оның айтуынша, бұл – вокалдық сайыс емес.

«Бұл жобада: танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын», - деп жазды Д.Құдайберген желіде.

Еске салайық, қазақстандық әнші шығармашылық жұмыстарын жалғастыру үшін қыркүйек айының соңында Қытайға оралғанын жазған болатын.

Кейін Димаш жаңа имиджімен фанаттарын таңғалдырған болатын.






Жоғары қарай