Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған 18 америкалықтан коронавирус анықталды

2020 жылдың 22 ақпан 2020 16:01

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Diamond Princess круиздік лайнерінен эвакуацияланған 300-ден астам америкалықтың 18-нен коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo News-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, лайнер жолаушыларының арасында бірнеше адамнан коронавирус табылуына байланысты карантинде тұрған болатын.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының ресми өкілі індет жұқтырған адамдардың саны артуы мүмкін екендігін жеткізді. Себебі, кеме жолаушылары «жұқтыру қаупі жоғары» санатқа жатады.

Орталықтардың дерегінше, 18 расталған жағдайдан бөлек, АҚШ-тың эвакуациялауынан бұрын Жапонияда пневмонияға ұқсас белгілері бар 10 америкалық жолаушы тіркелген. Оларды тексеру нәтижелері әзірге Құрама Штаттарда расталмады.

Сонымен қатар, лайнердің 750-ден астам жолаушысы АҚШ, Оңтүстік Корея, Австралия, Гонконг, Израиль және Канада мемлекеттеріне эвакуцияланды.

Еске салсақ, жолаушыларының бірінен коронавирус анықталғаннан кейін The Diamond Princess круиздік лайнері Иокогама портында екі апталық карантинде тұрды.


Басты сөздер: АҚШ, Коронавирус,
Жоғары қарай