Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Diamond Princess круиздік лайнерінен 500-ге жуық жолаушы түсірілуде

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:20

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні дәл қазіргі сәтте жолаушылар Diamond Princess круиздік лайнерінен Жапонияның Йокогама портының жағалауына шығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бүгін лайнерде жаңа коронавирустың өршуіне байланысты екі апталық карантин аяқталды.

Сәрсенбі, 19 ақпанда кемеден коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже берген және науқастармен байланыспаған 500 жолаушы шыға алады. Бірінші топта егде жастағы адамдар.

Жалпы, кемеден 3 мыңға жуық адам түседі деп жоспарланып отыр. Жапония министрлер кабинеті хабарлағандай, кемеден адамдарды шығаруға үш күндей уақыт керек.

Сонымен қатар, Жапония билігі лайнердегі барлық жолаушылардан коронавирусқа сынама алынғанын мәлім етті.

Алайда, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған жолаушылар лайнерде біраз уақытқа медициналық бақылауға алынады.

Жағада жолаушыларды автобустар күтіп тұр. Кейбір туристер порттан таксимен кетіп бара жатыр.

18 ақпандағы жағдай бойынша, кемеде 543 жолаушы мен экипаж мүшесі коронавирус жұқтырған. Бұл құрлықтық Қытайдан тыс жаңа коронавирус жұқтырғандар көп шоғырланған жер болып отыр.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай