Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Deutsche Bank басшысы Қазақстанға жасыл облигациялар мен қаржы құралдарын шығаруды ұсынды

2021 жылдың 10 маусым 2021 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Deutsche Bank AG Солтүстік және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық кеңсесінің бас атқарушы директоры Йорг Бонгартц Қазақстанға жасыл облигациялар мен қаржы құралдарын шығаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдар ішінде Қазақстан ESG (экологиялы-әлеуметтік-корпоратвитік даму) қағидаттарына сәйкес келетін халықаралық реттеуді енгізу үшін өте жақсы негіз құра алды. Енді мемлекет пен қазақстандық корпорациялар мұны халықаралық капитал тарту кезінде бәсекелестік басымдық ретінде пайдалана алады. Бүгінгі таңда біз Қазақстан Үкіметі мен компанияларына ESG-мен байланысты жасыл облигациялар мен қаржы құралдарын шығаруды және осы капиталды шикізаттық емес секторды ынталандыру мен дамыту үшін пайдалануды ұсынамыз», - деді Йорг Бонгартц.

Ол, сондай-ақ, Қазақстанға Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы жергілікті жобаларға ESG талаптарына жауап беретін инвестициялар тартуға болатынын атап өтті.

«Дойче Банк» ESG портфелін 2023 жылға дейін 200 миллиард еуроға өсіруге міндеттеме алды. Біз ESG стандарттарына сәйкес келетін және шикізаттық емес экономиканы қолдауға арналған қазақстандық жобалардың осы міндеттемелерге кіруін асыға күтеміз», - деді Deutsche Bank басшысы.



Фото: finbuzz.ru

Жоғары қарай