Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Деспина Касапиди: Елбасы - ҚХА негізін қалаушы және шабыттандырушысы

2019 жылдың 23 сәуір 2019 21:52

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы «Понтос грек этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы Деспина Касапиди ҚХА сессиясының барысында ҚР Тұңғыш Президенті қоғамдық-саяси жағдайдың терең талдауына негізделген жаңа идеялармен бөлісетініне сенімін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деспина Касапидидің айтуынша, Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының негізін қалаушы және шабыттандырушы болып табылады.

«Оның басты ойы әр ұлттың дауысы назардан тыс қалмауы тиіс. Елімізде Тұңғыш Президентіміздің рөлі айқындаушы болып қала береді. Тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де Ассамблеяның жоғары беделі оның есімімен байланысты. Н. Ә. Назарбаевтың арқасында ҚХА конституциялық мәртебеге ие болды және қазір азаматтық қоғамның басты құралы ретінде дамып келеді», - дейді «Понтос грек этно-мәдени бірлестігі» ҚБ төрайымы.

Сондай-ақ, ол этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVII сессиясынан не күтетінін айтты. Ең алдымен, олар сессия барысында барлық этностардың бірлігін сақтау бағыты туралы, ілгерілеу мақсаттарының басымдығы және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты нығайту туралы, қоғамымыздың әлемнің анағұрлым дамыған мемлекеттерінің қоғамдастығына кіру міндеті төңірегінде топтасуына нық бағыт беру туралы, Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына сәйкес өзгерістер қарқынын арттыру туралы айқын мәлімдемелер жасалады деп күтуде.

«Менің ойымша, ҚХА Төрағасы, Тұңғыш Президент - Елбасы қоғамдық-саяси жағдайды терең талдауға негізделген жаңа идеяларын ортаға салады. Ассамблея алдында халықтың түрлі топтарымен, ең алдымен әлеуметтік жағынан осал топтармен атаулы жұмысты қарқындату бойынша міндеттер жүктелетінін күтеміз, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған қағидалар негізінде жастарды жаңа сынақтарға дайындауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға көңіл бөлінуі тиіс», - деді Деспина Касапиди.

Жоғары қарай