Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Деревянченко Головкинмен реванш туралы айтты

2020 жылдың 15 маусым 2020 12:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы титулына екі рет үміткер болған Украина елінің 34 жастағы боксшысы Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) Premier Boxing Champions подкастының жүргізушілеріне сұхбат берді. Оның барысында қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы өткен соңғы жекпе-жегі туралы айтты. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында Деревянченко мен Головкин IBF-тің бос титулы үшін жекпе-жек өткізген болатын. 12 раундқа созылған айқаста төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берді.

«Жекпе-жекті қайта көріп шығуыма уақытым болды және жеңіске мен жеттім деп ойлаймын», - деді Сергей.

Төрешілер шешімімен жеңіліс тапқанына қарамастан, украиналық боксшы бұл кездесу өз мансабы үшін тек оң ықпал еткенін атап өтті.

«Осы жекпе-жектің арқасында танымалдылығым арта түскенін білемін. Бірақ мен оған көп дайындалдым, әбден жаттықтым және өзімнің өнеріме дән ризамын. Бәрі артта қалғанымен, мұның кездейсоқ болмағанын және әлем чемпионы екенімді барлығына дәлелдеу үшін, бұдан да көп жаттығуға ынталандырады», - деді ол.

Деревянченко «Головкинмен реваншты өткізуге қуана дайын екенін, бірақ онымен бір мезгілде, мұның мүмкін еместігін» айтты. Себебі Геннадийді Камил Шереметамен міндетті жекпе-жек күтіп тұр. Сондай-ақ «Канело» Альвареспен үшінші кездесу өтуі ықтимал.


Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин, Бокс,
Жоғары қарай