Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін - Президент

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін. Бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ұлттың жасампаздық әлеутін пайдаланған жағдайда ғана алға басып, табысқа жете аламыз. Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», - деді Президент.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты.

Отырысқа Сенаттың 49 депутатының 42-сі, Мәжілістің 107-і депутатының 99-ы қатысып отыр.


Жоғары қарай