Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутаттар Мәжілістің жаңа Төрағасын жасырын дауыс арқылы сайлап жатыр

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 12:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жаңа Төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлауға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, депутатар Мәжіліс Төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын қолдап, жасырын дауыс берді.

Айта кетерлігі, сайлауға қатысты жасырын дауыстарды санау үшін жеті депутаттан тұратын санақ комиссиясы құрылған болатын.

ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Мәжіліс депутаттарының арасынан палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжіліс төрағасының қызметіне кандидатураны палата депутаттары ұсынады.

Жалпы отырыс барысында бұл кандидатураға Нұрлан Нығматулин ұсынылды. Осы орайда оның кандидатурасы жасырын дауыс беру бюллетеніне енгізілді

«Мәжіліс Төрағасы қызметіне Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин кандидатурасы ұсынылуы әділ әрі орынды. Мен Парламентке сайланған барлық әріптестерімді, саяси партия фракциялар мүшелерін, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарды осы кандидатураны қолдауға шақырамын», - деді депутат Сауытбек Абрахманов.

Рәсім жасырын дауыс беру арқылы өтіп жатыр. Ол үшін Мәжіліс холында арнайы кабиналар жабдықталып, сайлау жәшігі орнатылған. Дауыстарды санау үшін Есеп комиссиясы жасақталып, оның төрағасы - Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман, хатшысы - Айгүл Нұркина болды.
Жоғары қарай