Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Депутат жастарға берілетін баспана талаптарын жеңілдетуді сұрады

2021 жылдың 13 қазан 2021 15:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев жастарға сатып алу құқығынсыз баспана беру бағдарламасының талаптарын жеңілдетуді сұрап, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы «Жастар жылы» ашылғанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жастарға жыл сайын 1000 пәтер беру ұсынылған еді.

«Мұнда өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 АЕК мөлшерінде растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама көрсетуді талап етеді. Бағдарламаның басында бұл сомма 101 000 тенгені құраса, 2021 жылдан бастап бұл 116 600 тенгені құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша республикада 20-29 жастағы азаматтарымыздың саны 2 537 252-ге жетті. Қалада тұратын жастардың үлесі – 1 510 892. Бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді», - деп атап өтті депутат Мәжілістің пленарлық отырысында.

Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы табыстарын бағалау бойынша, бұл мөлшер 2021 жылдың 1 тоқсанына Шымкент қаласында 76 982 теңге, Алматы қаласында 166 554 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 179 722 тенгені құрап отыр.

«Өңірлерге жұмыс сапар барысында жастар тарапынан бірқатар мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, жалдамалы пәтерлерді алу конкурсына қатысу үшін тұрғын үйге мұқтаж жас мамандар үшін жалақы мөлшері тым жоғары екендігі айтылды. Жалға берілетін тұрғын үйді конкурс бойынша алу қиын. Жұмысшы жастардың айтуынша, пәтер алу үшін айлық көрсеткішті (40-тан 25 АЕК-ке дейін ) төмендету –мегаполистердегі еңбегі өте қажет жас отбасылар мен жас мамандарға үлкен көмек. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жастарды қолдау мақсатында жалға берілетін баспанаға арналған конкурстарға қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгерту мүмкіндігін қарауды сұраймын.

Бұл бағдарламаның мақсаты мегаполистердегі сұранысқа ие мамандықтардың жас мамандарымен қамтамасыз ету екенін еске салғым келеді. Осыған байланысты жас мамандардың табыстарына қойылатын талаптардың жоғарылығы түріндегі тосқауылдарды белгілеу орынсыз деп санаймыз және жастарды жалға берілетін тұрғын үй конкурсына қатысуға жол беретін сомалардың, табыстардың еселігін азайтуды ұсынамыз», - дейді Ғани Ташқараев.


Жоғары қарай