Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Денсаулық сақтау министрлігі 553 млн теңгеге көлік алуға қатысты түсінік берді

2020 жылдың 12 шілде 2020 01:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 553 миллион теңгеге автокөліктерді сатып алуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайта отырып, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту туралы тапсырмасына сәйкес, сатып алу (көліктерді – ред.) экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейінгі Кешенді жоспар аясында денсаулық сақтау жүйесін жітілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспарына енгізілді», - деді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, көліктер комитеттің 18 аумақтық департаментінің (224 аудандық бөлімшесі бар) мамандары, яғни елдің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі үшін сатып алынуда.

«Соңғы 8-10 жылда санэпидқызметтің автопаркі жаңаланған жоқ. Бүгінде автопарктің 90 пайызы 100 пайызға тозығы жеткен. Коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты COVID-19-бен күрес үшін арнайы автокөлікке жіті қажеттілік туындады», - деп толықтырды комитеттен.

Атап өтілгендей, жаңа көліктер орташа алғанда 300 шақырымнан астам радиуста инфекциялық сырқаттардың эпидемиологиялық ошақтарын уақытылы тексеру үшін қажет. Сондай-ақ лабораториялық зерттеулерді жасау үшін анализдерді шұғыл алып отыруға керек.

«Аталмыш сатып алуға қаражат 2018-2020 жылдарғы үшжылдық бюджетке енгізілген. Жоспар бойынша отандық өндірістің арнайы автокөлік құралдары сатып алынады», - деп түйіндеді министрлік комитетінен.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 553 799 400 теңгеге 140 автокөлік сатып алуды жоспарлап отырғанын жазған болатын.


Жоғары қарай