Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Денсаулық сақтау министрі өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады

2020 жылдың 14 шілде 2020 11:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңір әкімдіктерінен ауруханаларды медициналық оттегімен қамтуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болжамға сәйкес 8 487 төсек орын немесе дайындалған жалпы төсек орындарының 20 пайызы – оксигенотерапиямен қамтылуы керек. Қазіргі уақытта барлық өңірде оттегі мен оттегі концентратын шығаратын жергілікті өндірушілер бар. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне жаңадан дайындалған төсек орындарды медициналық оттегімен қамтамасыз етуді сұраймын», - деді Алексей Цой Үкіметтің отырысында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстан өкпені жасанды желдетудің 4 мыңнан астам аппаратын сатып алған жағдайда ең қиын сценарийдің өзіне дайын болатынын мәлім еткен еді.



Жоғары қарай