Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Денсаулық сақтау министрі астананың жас нейрохирургтарымен кездесті

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 19:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Он екі жыл ішінде нейрохирургия дәрігерлері 32 мыңнан астам операция жасап, 70-ке жуық жаңа нейрохирургиялық технология енгізді. Соның арқасында жағдайы өте ауыр науқастарды, оның ішінде балаларды аяққа тұрғызды.

Денсаулық сақтау министрі орталықтағы диагностикалық және клиникалық бөлімшелердің жұмысымен танысып, жас мамандармен бейресми кездесу өткізді.

Бұдан басқа, ведомство басшысы симуляторларда оқыту курстарын өткізу үшін құрылған тренингілік орталықты аралап шықты және ми глиомаларын зерттейтін ғылыми жоба аясында құрылған орталық жанындағы биобанктің жұмысын көрді.

Алексей Цой трансфузиология бөлімінде де болды. Осы бөлімшенің мамандары өздерінің негізгі жұмысынан басқа, қан үнемдеу технологиялары: аутоэритроциттердің интраоперациялық аппараттық реинфузиясы, гемостазды интегралды бағалау – тромбоэластография сияқты бірегей эксперименттер жүргізуде.

Госпитальдық фармация бөлімшесінде мамандар емдеудің тиімділігін арттыратын және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік берген жаңа технологияның нәтижесі туралы баяндады.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі радиология бөліміне де барып, онда ангиографиялық операциялық бөлменің жұмысымен және гамма-пышақ жұмыс істейтін жеке блок құрылысының барысымен танысты.

Сапар соңында ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой орталықтың жұмысын жоғары бағалап, ұжымның еңбегіне табыс тіледі.


Жоғары қарай