Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері жұмысы рұқсат етілген нысандар қандай

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда демалыс күндері қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілген ?

Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова айтып берді.

«Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады», - деді Р. Қожапова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұдан бөлек ол демалыс және мереке күндері жұмысы рұқсат етілген нысандарға тоқталды. Осы орайда сұлулық салондарына, шаштараздарға, косметология қызметін көрсететін нысандарға, фитнес және спорттық сауықтыру орындарына, бассейндерге, тренажер залдарына, спорт кешендеріне, сауналарға қатысты шектеулер алынды. Сонымен қатар, діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді.



Жоғары қарай