Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады

2021 жылдың 23 шілде 2021 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады. 24 шілдеде батыста, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.

Ауа температурасының күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста 38-46 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 жылыға дейін көтерілуі болжануда, солтүстікте температураның 32-40 жылудан 20-30 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі байқалады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай