Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері қар жауады - Қазгидромет

2021 жылдың 24 қыркүйек 2021 11:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 25-27 қыркүйек күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұған екі циклонның (солтүстік-батыс және оңтүстік) бірігуі ықпал етеді. Солтүстік аумақта және шығыста жаңбырдың арты қарға ұласады. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15 аралығында болса, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде минус 3 +5 градустан плюс 3-11 градусқа дейін жылынса, күндіз керісінше +13-23-тен +3-13 градусқа дейін салқындайды. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометр 2-7 градусқа төмендейді. Ал республиканың шығысында 5 градус үсік жүріп, күндіз 7-17 градус жылы болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы күндіз 18-25 градусқа дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай