Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

2020 жылдың 10 шілде 2020 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 11-13 шілде аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Циклон жырасының солтүстік және оңтүстіктен шығуына байланысты республикада құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Кейін антициклон сілемі одан әрі жылжиды. Соған байланысты жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды.

Тек республиканың шығысында демалыстарда жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін.

Ал Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады», - делінген синоптиктердің мәліметінде.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай