Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Демалыс күндері ел аумағында боран соғып, қалың қар жауады

2020 жылдың 27 қараша 2020 11:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады.

Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді.

Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай