Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ДДҰ: Пандемия әлемдегі кедейлікті ушықтыра түседі

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 09:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша жаһандық прогрестің екі онжылдығын артқа тастап, әлемдегі кедейлікті ушықтыра түседі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мен Дүниежүзілік банктің жаңа есебінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ-ның жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ортақ зерттеу Халықаралық денсаулық сақтау қызметтерімен қамту күніне арналған. Өзінің жолдауында осы жағдай бойынша БҰҰ-ның Бас Хатшысы Антониу Гутерриш пендемияның үшінші жылы жақындар алдында халықаралық қоғамдастық тез арада ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін нығайту керек екенін мәлімдеді. Олар одан әрі әділ, тұрақты болып, халықтың барлық бөлігіне қолжетімді болуы тиіс.

БҰҰ-ның басшысы пандемияның, әсіресе, барлығына сапалы және қолжетімді көмек көрстуге қабілетті денсаулық сақтау жүйелері жоқ елдерге қатты әсер еткенін атап өтті. Егер халықаралық қоғамдастық 2030 жылға дейін денсаулық сақтау саласы қызметтерімен барлығын қамтуды көздеп отырса, Антониу Гуттериштің айтуынша, ұлттық үкіметтер ортақ іске бірге жұмылуы керек.
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, сонымен қатар маргиналданған халық бөлігін қолдау үшін денсаулық сақтау жүйелеріне құйылатын инвестициялар көлемін арттыру керек. Ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйелерін дағдарысқа дейін нығайту қажет», - деді БҰҰ-ның Бас хатшысы.
Антониу Гутерриштің айтуынша, өткен жылы COVID-19-ға қарсы вакцинаның түрлі топтар арасында тең бөлінбеуі адамзаттың қалталы бөлігінің эгоизмінің көрінісі болды. «Бізге бұл қайғылы жағдайдан сабақ алу керек. Пандемия барлығында аяқталмайынша, ешкімге аяқталмайды» - деді БҰҰ Басшысы.
«2020 жылы пандемия медициналық қызметтердің жұмысын бұзды, салдарынан ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне салмақ түсті. Соңғы он жылда бірінші рет халықты иммундау азайып, туберкулез бен безгектен болған өлім саны артты», делінген аталған ұйымдардың баяндамасында.
Пандемия салдарынан 1930 жылғы экономикалық дағдарыс қайта басталды, адамдар ең қажетті медициналық көмекті төлеуге қиналып отыр.
«Біздің артық уақытымыз қалмады. Ел үкіметтері тез арада денсаулық сақтау қызметтерін әрбір адам алуы үшін жағдай жасап, адам басына шаққандағы мемлекеттік қаржыландыру көлемін арттыру керек» - деді Тедрос Гебрейесус.






Жоғары қарай