Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДҰ енгізген шаралар туберкулездің тарауына ықпал етеді деген ақпарат жалған

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазнетте әлемде туберкулез ауруы өршуі мүмкін. Бұған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы енгізген локдаун себеп деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл теорияны жақтаушылардың айтуынша, оқшаулау мен маска тағу режимін сақтау қажетті болғандықтан, миллиондаған адам індетті жұқтырады.

Сайттағы деректерге қарағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осы жылдың 11 наурызында COVID-19 пандемиясын жариялады және елдерге инфекцияның таралуын болдырмау үшін қажетті бірқатар ұсыныс жасады. Локдаун, оның форматы мен қатаңдығы туралы шешімді әр елдің үкіметі қабылдады. Алайда, адамдардың үйден шығуына тыйым салатын карантин режимі бүкіл елдерде енгізілген жоқ. Ал, мұндай шаралар енгізілген мемлекеттерде ол ұзаққа созылған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстандағы ең қатаң шектеулер кезінде жұмысқа бару мүмкін болды, егер қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмаса, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға баруға, үй жануарларын серуендетуге және т.б. рұқсат етілді.
Сонымен қатар, «қастандық теориясын» жақтаушылар оқшаулану салдарынан «толып кету, тарылу және ылғалдылық» сияқты мәселелер туралы айтады.

Біріншіден, қатаң карантин кезінде ел тұрғындары қаншалықты тығыз болғандығы туралы қорытынды жасау үшін отбасының орташа мөлшері мен тұрғын үй алаңын білу қажет. Локдаун кезінде бәрінің іші пысты деп айту мүмкін емес.

Екіншіден, бұл ылғалдылыққа да қатысты. Атап айтқанда, Қазақстанда қатаң локдаун жылыту маусымының аяқталуына және көктемнің келуімен күннің күрт жылынуымен қатар келді.

Сонымен қатар, белсенділердің пайымдауынша, глюкокортикоидтар – ДДҰ ауыр және өте ауыр жағдайдағы КВИ науқастарды емдеу үшін ұсынған дәрі-дәрмектер туберкулезбен ауыру мүмкіндігін арттырады. Шын мәнінде, глюкокортикоидтар туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үшін қолданылады.

Сонымен қатар ДДҰ-ға маска астына айлар бойы микробтар жиналуы мүмкін деген мәселе бойыншада кінә тағылып отыр. Шын мәнінде, ДДҰ және басқа да медицина қызметкерлері масканы мүмкіндігінше жиі ауыстыруға және ластанудың іздері болған жағдайда, оны пайдаланбауға кеңес береді.

Хабарлама авторы басқа да дәлелдер келтіреді, олардың басым бөлігі ойдан шығарылған және манипуляция болып табылады.
Алайда, «қастандық теориясын» жақтаушылар айқын нәрселерді ескермейді: туберкулез – жақсы зерттелген, оны бүкіл әлем емдей алады, бұл үшін дәрі-дәрмектер мен хаттамалар бар, оған қарсы тиімді вакцина әзірленді.
Бұл ауру адамдарға қауіп төндіретініне қарамастан, ДДҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде туберкулезбен ауыру жылына шамамен 2%-ға төмендейді, ал 2015-2019 жылдар аралығында жиынтық төмендеу 9% құрады.
Бағалау бойынша, 2000-2019 жылдар аралығында туберкулезді диагностикалау мен емдеудің арқасында 60 миллион адамның өмірі құтқарылды деген болжам бар.
Алдағы 10 жылда туберкулез аурушаңдығының санын азайту ДДҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында айтылған.
Демек, ДДҰ-ға қарсы дәлелдердің ешқайсысы факті емес, бұны автор ойдан шығарған. Болашақта қандай да бір аурудың өршу ықтималдығы туралы болжамдарды тиісті есептеулерсіз және зерттеулерсіз негізді деп табуға болмайды.


Жоғары қарай