Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір қазақстандық вакцинаны тіркеді

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вакциналық үміткерлер тізіміне наноэмульсивті майлы адъювант негізіндегі SARS-CoV-2 (COVID-19) вакцинасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцинаның 9 қыркүйекте тіркелгенін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов Facebook парақшасында жазды.

Бұл вакцинаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚазҰАУ халықаралық вакцинология орталығы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің М.Айқымбаев атындағы ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы бірлесе жасап шығарған. Қазір ол клиникаға дейінгі зерттеуден өтіп жатыр.


Жоғары қарай